Диляра ҚАЙДАРОВА, Қазақстанның бас онкологы: Әйел ең алдымен өзін жақсы көру керек
Диляра ҚАЙДАРОВА, Қазақстанның бас онкологы: Әйел ең алдымен өзін жақсы көру керек
– Диляра Радикқызы, елі­міз­де онкологиялық ауруға шал­дық­қандар саны жыл сайын ар­тып барады. Бұған не себеп? Диаг­ностиканың жақсаруы ма, әлде аты жаман ауруға қарсы им­му­нитетіміздің әлсіздігі ме? – Иә, жыл сайын Қазақстанда бүкіл әлемдегідей, статистиканың өсімі байқалады. Былтыр онко­логиялық аурулардың 36 мың­нан астам жағдайы тіркел­ді. Мұны онкологиядағы скри­­нинг­­­тік тек­серулердің бел­сен­­ді жүр­гі­зі­луімен түсіндірер едім. Біз сүт безі обырының маммо­логиялық скринингі, жатыр мойны обыры­ның цито­логия­лық скринингі, колоректалды обыр скринингін жүргізіп келеміз. Скрининг ауру­ды ерте кезеңде тануға және пато­логияны ісіну алдында шы­ғаруға мүмкіндік береді. Қатерлі ісікпен сырқаттану үрдісінің өсуі сақтала береді. Бұл, тұтастай алғанда, халық са­­нының өсуімен және егде адам­­дар санының артуымен тығыз бай­ланысты. Себебі обыр егде жас­та жиі кездеседі. Салыс­тыр­малы өлім-жітім төмендесе де, науқастардың абсолюттік саны әрдайым артып отыратынын түсіну керек. Онкологиялық аурулар­­дың түрлері арасындағы айырмашылықтар туралы да ұмытпау маңызды. Мысалы, жа­тыр мойны обырымен ауыр­­ғандардың абсолюттік және са­лыс­тырмалы да саны өседі. Бірақ бұл жерде мәселе профи­лак­тикада және алдын алуда жатыр. Бізде скрининг жүргізіледі, бі­рақ жатыр мойны обыры жағ­дайында негізгі қауіп фак­торы – жыныстық жолмен берілетін адам папилломасының вирусы (HPV) болып отыр. Батыс елдерінің басым бөлігінде оған қарсы екпе ұлт­тық егу күнтізбесіне ен­гі­зілген. Қазақстанда бұл мә­селе бірнеше жылдан бері талқыланып жатыр, оң шешім қабылданады деп үміттенемін. – Онкологиялық аурулардың арасында сүт безі обыры алғашқы орында тұр. Бұл – әйелге тән сырқат. Оның алдын алу үшін әйел­дерге қандай кеңес бересіз? – Сүт безі обырымен сырқат­тану­шылардың өсу деңгейі Дү­ние­жүзілік денсаулық сақтау ұйы­мына (ДДҰ) мүше елдердің барлығына тән. Соңғы жиырма жылда Қазақстанда сүт безі обы­рымен ауыратындар үш есе өсті. Статистика агенттігінің дерегі бойынша, елімізде 40 және одан жоғары жастағы әйелдер саны елімізде басым, осы жаста­ғы­­лар сүт безі обырымен жиі ауы­ра­тын­дықтан, бұл аурудың даму қаупі артады деуге болады. Сүт безі обырының алдын алу үшін ең алдымен әйел өзін жақсы көруі және бірінші кезекте өзіне назар аударуы тиіс! Алдын алудың басы – бұл этиологиялық және қауіп факторларын зерттеу жолымен аурудың алдын алу, қор­шаған ортаны қорғау және канцерогендердің адам ағза­сына әсерін азайту, отбасы өмі­рін қал­пына келтіру, бала туу қыз­метін уақытында жүзеге асыру, сәбиді емізу. Егер ерлі-зайып­ты­лардың туыстары ракпен ауыр­ған болса, балаларын профи­лак­тикалық мақсатта тексеруден өткізіп тұ­руы керек. Бұған дейін айтқанымдай, Қазақстанда маммографиялық скрининг жүріп жатыр. Екі жыл сайын 40-70 жас аралығындағы әйелдер сүт безін өзі тіркелген ме­дициналық ұйымда тегін тек­сертуге құқылы. Уақыт тауып скринингтен өтсе болғаны. Егер қан­дай да бір өзгеріс, мыса­лы мастопатия анықталса, дәрі­гермен кеңесіп, қажетті емді уақытында жүргізу керек. Сүт безі обырының даму қаупі фак­торлары барын білу керек және оларды өзіңізде болдырмауға тырысу қажет. Бұл жыныстық, конституциялық факторлар: 60 жастан асқан әйелдерде өсу жоғары. Генетикалық: қаны бір туыстар, сүт безі обы­ры­мен ауыратын науқастар; ауыр отбасылық анамнез; BRCA1 және BRCA2 мутантты ген­дер­дің тасымалдаушылары. Репродук­тивті: ерте кезеңдегі менархе (12 жасқа дейін), соңғы сатыдағы менопауза (54 жастан кейін), жүктіліктің болмауы, алғашқы босанудың кеш болуы (30 жастан кейін); бала емізбеген әйел; түсік тастау; маммограммалардың жоғары рентгендік тығыздығы. Гормональды және алмасу: гиперэстрогения, гиперпро­лактинемия, гипотиреоз, етеккір циклінің бұзылуы, бедеулік; мастопатия, аднексит, аналық без кистасы, жатыр миомасы, эндометриоз; постменопаузаль жастағы семіздік, қант диабеті, бауыр аурулары, гормональды алмастыру емі; ішке қабылдайтын контрацептивтерді 10 жылдан астам пайдалану. Сыртқы орта факторлары: жоғары әлеуметтік-экономикалық статус; иондау­шы радиацияның және хи­мия­лық канцерогендердің әсері; алкоголь, майлардың, ка­ло­риялардың, жануарлар ақуыз­дарының артық болуы; көкө­ністер мен жемістердің, тағамдық талшықтардың жетіспеушілігі.    width= Бірақ ең бастысы – сүт безін жүйелі тексеру: 40 жасқа дейін УДЗ диагностикасынан, 40-тан жоғары маммографиялық тек­се­руден өтіп тұру қажет. – Балалар онкологиясы туралы айтсақ, бүгінгі таңда әлемде онко­лог, гематолог дәрігерлер қатерлі дертке шалдыққан бала­лар­дың өмірін ұзарту мәселесін алға қойып отыр. Бұл бағытта біз­дің елде қан­дай іс-шаралар қолға алынған? – Жалпы, обыр, салыстыр­ма­лы түрде, балаларда сирек кез­деседі. Дегенмен обыр – ба­ла­лар өлімінде жарақаттан кейін екінші орында. Жыл сайын Қазақстанда орта есеп­пен 18 жасқа дейінгі балаларда 600-ге жуық қатерлі ісік анықталады. Олардың 40 пайызы лейкемиямен, 60 пайызы қатты ісікпен ауырады. Былтыр 14 жасқа дейінгі 310 балада он­ко­логиялық ауру анықталды. Біз ауру балалар санының өсуі өңірлердегі диагностика сапа­сының жақсаруымен байланысты деп есептейміз. Елімізде екі жерде – Алматыда Педиатрия және балалар хирур­гиясы ғылыми орталығы және Нұр-Сұлтан қаласындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орта­лығы республикалық деңгейде қызмет көрсетеді. Аталған орта­лық­тардағы диагностика да, емдеу де тегін. Орта есеппен бір пациентті емдеу курсына мем­лекет шамамен 10-12 млн теңге бөледі. Осы екі орталықта жылына 3000-ға жуық бала ем алады. Ал­ғашқы диагностика өңір­лер­де жүзеге асырылады, ал қар­қын­ды химиотерапия курсы республикалық орталықтарда жүр­­гізіледі. Онкологиямен ауы­­­­ра­тын балалардың негізгі үле­­сі оңтүстік өңірлерге тие­сі­лі. Сонымен қатар Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыс­та­рында және Нұр-Сұлтан мен Ал­маты қалаларында да сырқаттану үлесі жоғары. Еліміздегі онкологиямен ауыратын балалардың 36 пайы­зы 3 жасқа толмаған. 55 пайызы 3-15 жас аралығында, 9 пайызы 15 жастан асқандар. Өңір­лер­де 4 мыңға жуық бала дина­микалық бақылауда тұр, олар­дың 300-ге жуығы қол­дау терапиясын алады. Бірінші орында жедел лей­коздар – 34 пайыз, екінші орында ми ісігі – 16 пайыз, үшінші орын­да ней­робластома – 12 пайыз, содан кейін лим­­фома мен рети­ноб­лас­то­ма 7 пайыз­дан. Бүгінде балалардың емдеу тиімділігі 70-90 пайыз. Бала обыры­ның 50 пайызға жуығы туа біткен сипатқа ие және ол бала туғанға дейін жасушаларды мутациялау нәти­жесінде пайда болуы мүм­кін. Сондықтан ата-аналар өз ден­саулығына баса көңіл бөлуі керек. – Сіз басқаратын Қазақ онкология және радиология ғылы­ми-зерттеу институтында обырға қарсы жаңа препараттарды клини­калық зерттеу басталды. Осы туралы кеңірек баян­дап берсеңіз? – Иә, біздің институт халықа­ралық клиникалық зерттеулерге қатысады. 2019 жылы онкология және радиология институты база­сында жаңа дәрілік заттар­ды қолдана отырып, үш клини­калық зерттеу жүргізілді, олар­­дың бірі – сүт безі обыры бо­йын­ша, көп орталықты, рандомиза­ция­ланған, қос соқыр, плацебо-бақы­ланатын, сүт безі обыры бойынша тез үдемелі (жұмыс істемейтін жергілікті-таралған немесе метастатикалық) үш теріс сүт безі обыры бар емделушілерде химиотерапиямен біріктіріп атезолизумаб тиімділігі мен қауіп­сіз­дігін бағалау бойынша III фазаны зерттеу, өкпе обы­ры бойынша екі зерттеу жүр­гі­зілді. - Ib (ісіктер > 4 см) – IIIA, ана­п­ластикалық лим­­фома (ALK+) киназасы бо­йын­ша оң, ісіктің толық резек­ция­­сымен салыстырғанда адъю­­вантты терапия ретінде але­киниб­тің тиімділігі мен қауіп­­сіздігін бағалауға арнал­ған ІІІ фазаны ашық, рандомиза­ция­ланған зерттеу; платина препараттарымен химиотерапия жүргізуге мүмкіндігі жоқ кең та­рал­ған ұсақ жасушалы өкпе обы­ры бар емделушілерде атезо­лизумабаны қолдану бойынша ІІІ фазаны халықаралық клини­ка­лық зерттеу.  

Сүт безі обырының алдын алу үшін ең алдымен әйел өзін жақсы көруі және бірінші кезекте өзіне назар аударуы тиіс! Алдын алудың басы – бұл этиологиялық және қауіп факторларын зерттеу жолымен аурудың алдын алу, қор­шаған ортаны қорғау және канцерогендердің адам ағза­сына әсерін азайту, отбасы өмі­рін қал­пына келтіру, бала туу қыз­метін уақытында жүзеге асыру, сәбиді емізу. Егер ерлі-зайып­ты­лардың туыстары ракпен ауыр­ған болса, балаларын профи­лак­тикалық мақсатта тексеруден өткізіп тұ­руы керек.

  Биыл Қазақстанда ал­ғаш рет бастапқы ошағы анық­тал­маған емделушілерде пла­ти­на препараттарымен және химио­те­рапиямен салыстырғанда тар­геттік терапияның тиім­ді­лі­гі мен қауіпсіздігін және обыр­дың иммунотерапия тиім­­ділігін салыстыру үшін II фа­заны ха­лықаралық, көп орталықты, ран­домизацияланған кли­ни­калық зерттеу – II фазаны халықаралық клиникалық зерттеуді іске қосу жоспарланып отыр. Терапия кешенді молекула­лық-генетикалық бейіндеуді жүргізу нәтижесінде таңдалады. Зерттелетін препараттар: Alecti­nib, Atezolizumab, Bevacizu­mab, Cobimetinib, Entrectinib, Erlotinib, Pertuzumab, Olaparib, Trastuzumab, Vemurafenib, Vismodegib, Carboplatin, Cisplatin, Paclitaxel, Gemcitabine. Зерттеу әлемнің 25-тен ас­там елінде жүр­гі­зіледі. Әлем бойын­ша 472-ден астам пациент жиналса, ал Қазақстанда 15-ке жуық пациент жиналды. – Мұндай зерттеу бізге не бе­ре­ді? Пациенттер тәжірибе жа­сай­тын «қоянға» айналып кетпей ме? – Клиникалық зерттеулердің бізге берер пайдасы көп, мысалы клиникалық зерттеулерден тыс емделушілер үшін әлі қолже­тім­сіз жаңа, инновациялық дәрі­лік препараттарға қол жет­кі­зуге мүмкіндік туады. Дә­рілік препараттарды сатып алу­ға арналған шығындарды қыс­қартуға болады. Зерт­теу орта­­лықтарының, зерттеу­ші­лер­дің және рефералдардың (пациенттердің жолдамасы) барлық қызметтерін зерттеу демеушісі төлейді, медицинаға және ғылымға үлес қосу, тек па­циентке/зерттеуге қатысушыға ғана емес, басқа да пациенттерге, сондай-ақ болашақ ұрпаққа пайдалы болуы мүмкін ақпаратты жинау мүмкіндігін аламыз. Соны­мен қатар зерттеушілер үшін халықаралық ғылыми қоғам­дас­тыққа бірігуге және инно­­ва­циялық дәрілік заттармен жеке жұмыс тәжірибесін алуға мүм­кін­дік береді. – Сіз бірде медициналық аппараттардың 60 пайызының ескіргенін айтқан едіңіз. Медицина жабдықтарын жаңарту қалай жүріп жатыр? Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмінен нәтиже бар ма? – Өкінішке қарай, ескірген жабдықта заманауи ем жүргізу мүмкін емес. Бүгіндері онко­логиялық аурулармен кү­рес жөніндегі Кешенді жос­пар­ды жүзеге асыру үшін мем­ле­кеттік-жекеменшік әріп­­тестік шең­берінде емдеу-диагнос­ти­ка­лық жабдықтарды орнату бойынша жобалар сынақтан өтіп, іске асып жатыр. Түрік серіктестерімізбен осындай жобаны іске асырудың табысты мысалы ретінде 2019 жы­лы ашылған ҚазОжРҒЗИ-дағы позитронды-эмиссиялық томография (ПЭТ) орталығын айтуға болады. Денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылы олардың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін емдеу мен диагнос­ти­калық қызметтер тарифін қай­та қарады. Алдағы уақытта Ақтөбе облы­сы, Шымкент қаласында ПЭТ орталықтарын ашу бойынша МЖӘ жобаларын іске асыру жос­парланып жатыр. Сондай-ақ МЖӘ жобалары есебінен бізде институтта сәулелі терапия жүргізу үшін жаңа аппараттар, өңірлерде 2020 жылға дейін 9 аппарат орнатылады (Қарағанды облысы, Батыс Қазақстан облысы және басқалар). – Онкологиялық аурумен күрес және алдын алу жұмыстарына бюд­жеттен бөлінетін қаржы жеткілікті деп ойлайсыз ба? – Онкологиялық аурулардың ал­дын алу үшін және күресу үшін бюджеттен қаржыландыру ұлғаюда, осылайша алдын алу шығындарын 10 пайызға дейін ұлғайту жоспарланған, 2021 жылға қарай скринингтерді қар­жы­ландыру 5 127 570,0 мың тең­гені құрайды, жалпы онко­ло­гия­лық ауруларға қарсы күрес жөнін­дегі кешенді жоспардың іс-шараларын іске асыру шең­бе­рінде 2021 жылға қарай онко­логиялық көмекті жалпы 50 млрд тең­геге дейін ұлғайту жос­пар­ла­нып отыр. – Өзіне обыр диагнозы қойыл­ғанын естіген адам дәрігерден жылы сөз ғана күтеді. Кей орта­лық­тарда науқаспен сөйлескенде этика сақтай алмайтын маман­дар кездеседі. Науқас пен оның туыстары бірінші кезекте дәрі­гер­лер этикасына қатысты шағым­да­нады. Медпер­со­налдарға нау­қаспен қарым-қатынас мәдениеті туралы талап қоясыздар ма? – Бұл бағытта біздің пси­хо­логтар үлкен жұмыс атқа­рып жатыр. ҚазОжРҒЗИ пси­­хологиялық көмек және қол­дау орталығы пациенттерге ста­цио­нарда емделуде болған кезде ғана емес, онкологиялық пациенттерге, олардың туыс­­тарына қашықтан да кө­мек көр­­сетеді. Өңірлерде онко­ло­гиялық көмек көрсететін әрбір ұйымда дәл осы жұмысты атқа­­ратын психолог және әлеу­мет­тік қызметкерлер жұмыс іс­тей­ді. Біздің орталық өңірлер үшін тұрақты негізде кадрлар даярлайды, семинарлар, шебер­лік-сыныптар ұйым­дас­ты­ры­ла­ды. – Жекелеген өңірлердегі он­ко­ло­гиялық ауруханалардың тозығы жеткені сондай, кейбірін аурухана деп атауға ұяласыз... – Қазіргі уақытта осы бағытта үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр, мәселен 2019 жылы Павлодар қала­сында жаңа онкологиялық ди­с­пансер салынып, іске қо­сыл­ды, бұл медициналық ұйым техниканың соңғы үлгісі­мен жаб­­дықталғанын атап өткім ке­леді: қазіргі заманғы жоға­ры энер­гетикалық желілік жедел­дет­кіш, КТ-симулятор, ең төменгі инвазивті хирургияға арналған аппараттар, сараптама класының УДЗ аппараттары бар. Сондай-ақ 2019 жылы Петропавл онкологиялық орта­лы­­­ғында қосымша құрылыс пайдалануға енгізілді, ол рент­ген­диа­г­нос­тикалық және сәулелік жабдықтарды орналастыруға мүмкіндік берді, пациенттер үшін барынша ыңғайлы. Биыл Ақтау қаласында онкологиялық орталық салу жобасын аяқтау жоспарланып отыр, ол сондай-ақ ең заманауи жабдықтармен жарақтандырылады. Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыс­та­­рында онкологиялық орта­лық­тары бар жаңа, көпбейінді кли­никаларды салу жоспар бар. Бұл ретте мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін тарту арқылы жоба­лар әзірленді, оларды 2022 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр. – Соңғы уақытта обырды жең­гендер көбейді. Бұл – қуанар­лық жағдай. Шыныңызды айтыңызшы: ракты жеңу мүмкін бе? – Иә, обырды жеңуге болады. Бүгінгі таңда ерте кезеңде анық­талған ауруларды толығымен емдеуге мүмкіндік бар. Қалған жағ­дайларды заманауи емдеу әдіс­терінің көмегімен ұзақ уақыт ремис­сия кезеңі бар созылмалы жағ­дайларға ауыстыруға бола­ды. Жалпы, онкологтардың айтуынша, обырды емдеу әдістері нақты науқасқа және нақты ісікке бағдарланған кешенді жұмыс болуы тиіс. Сонда оң нәтижеге жетуге болады. Сондай нәти­же­ге жетіп, ракты жеңіп, туған-туыс­тың ортасында өмір сү­ріп жатқандар көбейіп келеді. – Әңгімеңізге рақмет!   Сұхбаттасқан Халима БҰҚАРҚЫЗЫ