Тележүргізуші Дина Төлепберген зорлық-зомбылық туралы, оның ішінде Бишімбаев ісіне қатысты пікір білдірді.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Өлтіріп, артынан асылық айту еркекке тән тірлік пе? Бүгін сотта Қ.Бишімбаев марқұмның махаббат тарихын аяусыз айтып, өзін ақтап, халықты адастыруға тырысып жатқандай... Неге судья ерік береді оған? Салтанаттың ата-анасына, ағасына қаншалықты қиын екенін айтпағанда, сырттай бақылап отырған біздер бұлқан-талқан болып отырмыз. Ол не десе, о десін. Бірақ біз, әйелдер, бірігіп, бір ойдан айнымайық!», – деді тележүргізуші.
Бұған дейін Бишімбаев Нүкенованың емшіге бару себебін айтқанын жазған едік.