Жиында партияластар сайлауалды бағдарламаның орындалу барысын талқылап, халықтың талап-тілектерінің шешілуі, партиялық жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы партиялық жұмыстың мақсат міндеттерін пысықтады.
Облыстық партия филиалының төрағасы Абдолла Идресов жиында партияның негізгі күші боп саналатын бастауыш ұйымдардың рөлі, сайлау науқандарындағы партияластардың қолдауына ерекше тоқталып өтті. Атырау облыстық мәслихатының депутаты, «Бірлік» БПҰ-ның төрағасы С.Идрисов сайлаушылармен тығыз байланыс орнатуда бастауыш партия ұйымдарының рөліне ерекше тоқталып өтті.
– «2023 жылы азаматтардан 1 055 өтініш келіп түсті. Негізгі сұрақтар оқуға қабылдау ережесі, жатақханаға орналасу, оқу ақысына жеңілдіктер, басқа жоғары оқу орындарына ауысу, магистратураға түсу, академиялық демалыс, өтініш журналға тіркеліп, тиісті жауап берілді. Барлық сұрақтар шешімін тапты», – дейді Саламат Идрисов.
Облыстық партия филиалы төрағасы Абдолла Идресов, «Бүгінде облыста 106 бастауыш партия ұйымына біріккен 27 мыңнан астам жуық мүшесі бар. Партиялықтардың халықпен тығыз қарым-қатынас орнату міндеті өз нәтижесін беруде. Соңғы екі айдың қорытындысы бойынша өңірде қоғамдық қабылдауға келіп түскен өтініштің 40 пайызы оң шешімін тапты», – деп атап өтті. Ал «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында дәл қазірге дейін облыстың 1 037 азаматы қаржылық сауаттылығын арттырған. Атырау облысында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындарына 1,5 млрд теңгеден аса сомада 192 тұлғаға мақсатты несие берілгендігі де айтылды. Сонымен қатар партияның «Жер аманаты» жобасы аясында 2027 жылға дейін өңірде пайдаланылмай жатқан жалпы көлемі 470 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылмақ. Бүгінгі күні жекеге заңсыз өткен 225 мыңнан аса гектар жер телімдері мемлекет-ке қайтарылғандығы белгілі болды.
Ал бастауыш партия ұйымының төрағасы Мәди Бексеитов «Доссормұнайгаз» партиялық жобаларды іске асыру аясындағы тәжірибесімен бөлісті.
Форум соңында 2023 жыл қортындысы бойынша 9 бастауыш партия мүшелеріне алғысхат табысталды.
Берік БЕК