Туризм және Спорт министрлігі мәлім еткендей, Паралимпиада ойындарында спорттың 23 түрінен жарыс ұйымдастырылады. Қазақстан ұлттық құрамасы әзірге спорттың 9 түрінен (пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара дзюдо, пара каноэ, отырып ойнайтын волейбол, пара нысана көздеу) өнер көрсетуді жоспарлап отыр.
Осы уақытқа дейін паралимпиадашылар 11 лицензия жеңіп алды. Атап айтсақ, отырып ойнайтын волейболдан ерлер құрамасы – 1, пара жеңіл атлетика бойынша ядро лақтыру – 1, пара жүзу – 3, пара каноэ – 1, пара пауэрлифтинг – 1, пара таеквондо – 3, пара нысана көздеу – 1.
Сонымен қатар биыл Паралимпиадаға лицензия беретін 23 спорттық іс-шара жоспарланған.