"Қазгидромет" мамандары мен Алматы қаласының ТЖД 2-5 сәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайы мен биіктігіне байланысты қар көшкінінің жүру қаупі сақталатынын ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Көшкін қаупі аймағына адамдардың жүруін шектеу мақсатында: Алматы қаласы – Космостанция автожолындағы Аюсай бөгетінен жоғары және Шымбұлақ – Тұйықсу мұздығы автожолындағы Эдельвейс көшкін жинау ауданында блок-бекеттер қойылған.
«Көшкін қаупі кезеңінің басынан жолдардың алдын ала жабық учаскелері мен адамдар өтпейтін аумақтарда жалпы көлемі 740 мыңнан астам текше метрден асатын 136-дан астам қар көшкіні өздігінен жүрді. Сонымен бірге қар көшкінін профилактикалық түсіру жүргізілді, жарылғыш әдіспен 9 200 текше метрден астам қар массасы түсірілді. Зардап шеккендер болған жоқ. Қар көшкіні адам жүрмейтін жерлерде жүріп, қардың басым бөлігі таулардың баурайында тоқтады», – деп хабарлады қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі
Алматы қаласы ТЖД мен Полиция департаментінің, «Қазселденқорғау» қызметкерлері блок-бекеттер қою арқылы халықтың жүруін шектеу шаралары қабылданды.
Сонымен қатар ЖД мен «Қазселденқорғау» мекемесі алматылықтарға, туристерге және қала қонақтарына алдағы күндері тауға шықпауға кеңес берді.