Ақтау қаласының 10 жасар тұрғыны Әлижан «Қала жолдары» ЖШС-нің қызметкерлерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Оның әрекетіне желі пайдаланушылары риза болды.
Ақтаудың жас тұрғыны Әлижан комуналдық қызмет жұмыскерлерін 8 наурыз мерекесімен құттықтаған видеосын Instagram парақшасында жариялады.
Әлижанның айтуынша, бұл идеяны оған анасы айтқан.
Instagram әлеуметтік желісінің пайдаланушылары оның игі ісіне риза болды. Адамдар бұл өте лайықты іс екенін пікірлерінде атап өтті.
– Міне, ол нағыз джентльмен. Ол өз тапқан қаражатына гүл сатып алып, әйелдерге жағымды сыйлық жасайды, оларды бақытты етеді, – деп жазады shamrad_t пайдаланушы.
Желідегі бір кәсіпкер бала гүлге қалай ақша жинағанын айтты. Ол үшін жасөспірім қалалық кафелердің бірінің ішінде сағыз алу үшін автомат орнатуды сұраған.
– Осындай ұл-қыздарды тәрбиелеп отырған ата-аналар барда біз ешқашан жеңілмейміз, – деп атап өтті timatoma999.
Dilyaram_81 нигіндегі желісінің пайдаланушысы Әлижанның ата-анасына жақсы тәрбие бергені үшін алғысын білдірді.