20-22 сәуір аралығында Гонконгта өтетін дзюдодан Азия біріншілігіне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ерлер:
60 келі: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев
66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали
73 келі: Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов
81 келі: Абылайхан Жұбаназар
100 келі: Нұрлыхан Шархан
+100 келі: Ерасыл Қажыбаев
Әйелдер:
48 келі: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева
57 келі: Бахыт Құсақбаева
63 келі: Эсмигуль Куюлова
70 келі: Екатерина Токарева
78 келі: Маргарита Гриценко, Аруна Жангельдина.
+78 кг. Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова.
Азия чемпионатының жеңімпазы рейтингте 700, күміс жүлдегер 490 ұпай алса, қола медаль алған 2 дзюдошыға 350 балл қосылады.