Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кезекті кездесуіне қатысу үшін Астанаға келген ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Минмен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстанның Ұйымдағы төрағалық етуінің және 2024 жылғы шілдеде өтетін ШЫҰ Астана саммитіне дайындалуының өзекті мәселелерін талқылады.
Сұхбаттастар алдағы саммиттің «ШЫҰ плюс» форматында алғаш рет өтуі, сондай-ақ Беларусьтің Ұйымның толыққанды мүшесі ретінде қатысуы тарихи маңызға ие екенін айтты.
Өз кезегінде Ч.Мин Қазақстанның ШЫҰ-ның белсенді қатысушысы ретінде және Ұйымның әлеуетін одан әрі нығайтуға бағытталған еліміздің бастамаларын қолдайтынын атап өтті.
Сонымен қатар ҚР СІМ басшысы Ұйымның Бас хатшысына қазақстандық бастамаларды ілгерілетуге жан-жақты жәрдемдескені және Астана саммитінің қорытынды құжаттар топтамасын дайындауға қосқан жеке үлесі үшін алғысын білдірді.