Ертең, 4 сәуірде Қазақстан – Қытай шекарасындағы көлік өткізу пункттері уақытша жұмысын тоқтатады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мемлкеттік кірістер комитеті, ҚХР-да «Цинмин» мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 4 сәуірде қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлады.
«Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерден енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.
Қазақстан – Қытай» шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.