"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ-ның экс-басқарма төрағасы аса ірі көлемде қаржы жымқырған деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Муратұлы ұсталды.
Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жариялануға жатпайды, – делінген хабарламада.