Солтүстік Қазақстан облысына су тасқынына қарсы күресуге жіберілген 46 жастағы түркістандық құтқарушы қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
1978 жылы Түркістан облысында дүниеге келген Бекжан Қуанышұлы Балданов Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкері, Сайрам ауданының №6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау прапорщигі болған.
«Ол 1 сәуірде Түркістан облысынан жіберілген. Осы күні кешке Балданов ауырып, Тайынша аудандық ауруханасына жеткізілген. Сол жерден оны санитарлық авиация бортымен Петропавлдағы ауруханаға жеткізу жоспарланған. Алайда 2 сәуірге қараған түні 1978 жылы туған Бекжан Балданов жансақтау бөлімінде көз жұмды. Дәрігерлер оның өліміне миокард инфаркты себеп болғанын айтты», – деп хабарлайды Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті.