«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 5 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады,– деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан бұрынғысынша антициклонның ықпалында болады, сол себепті жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек елдің батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр, облыстың оңтүстігінде найзағай болып, жаңбыр күтіледі.
Қазақстан бойынша тұман, оңтүстік-батыста, оңтүстікте желдің күшеюі, Түркістан облысында дауыл күтіледі.