Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 5 сәуір күні Хиуа қаласында бейресми кездесу өткізеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстың ауқымды мәселелерін, сондай-ақ өңірлік күн тәртібін талқылайды деп жоспарланып отыр.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент – Самара тасжолында болған жол апатынан өзбекстандық сегіз азаматтың қаза табуына байланысты президент Шавкат Мирзиёевке көңіл айтты Қазақстан Президенті қара жамылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, жылы лебіз білдірді.