Астана маңындағы Талапкер елді мекенін су шайып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ТЖМ қызметкерлері қапшықтарды жерге төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр
«Целиноград және Шортанды аудандарының егістіктерінен еріген судың үлкен көлемінің келуі нәтижесінде Талапкер елді мекеніндегі су бұру каналының учаскесі шайылып кетті. Осы минуттарда ТЖМ күштерімен қапшықтарды екпінді жерге төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауыл тұрғындарынан тыныштықты сақтауды және құтқарушылардың нұсқауларын орындауды сұраймыз», - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі.