Астана маңындағы Талапкер ауылында каналды су шайып кетті

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Целиноград және Шортанды аудандарының аумағында орналасқан егістіктен еріген қар суының үлкен көлемде ағып келуі салдарынан Талапкер елді мекеніндегі су бұру каналының учаскесін су шайып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Қазіргі кезде ТЖМ күш-құралдары су бұру каналының бұзылған тұсын құм салынған қаптармен нығайтып жатыр. Ауыл тұрғындарынан тыныштықты сақтауды және құтқарушылардың нұсқауын орындауды сұраймыз», - делінген хабарламада.