Танымал журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібекке қатысты жаңа деректі жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Айтуынша, қан тапсырған 4 әйелдің анализінің қорытындысы шыққан.
"Қадір түні алдында сүйінші жаңалық бола ма деп күтіп едік. Тағы төрт әйелдің анализі 0 пайыз шықты… Тастанды сәбилерді қуыршақтар ауыстырғандай, ізін таппайтындай еткен ғой, Арқалық перзентханасы мен балалар үйі. Бірақ біз беріспейміз, қуанатын кез алда, Жани. Жауаптыларға тықыр таянды", – деді ол.
Жәнібек анасын іздеу жұмыстарына көмектескен жандарға алғыс айтты.
"Қымбат апай, менің анамды табу үшін істеп жатқан жұмысыңызға мың алғыс!" – деді ол.