Жылыой ауданынан 12 мыңнан астам эвакуацияланды

Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары басталғалы бері 12 мыңнан астам жылыойлық қауіпсіз орынға көшірілді, – деп жазады Aikyn.kz.

Оның 5 мыңы – бала.

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жазғандай, тұрғындар Атырау қаласына, Теңіз кенішіндегі вахталық қалашыққа және Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына эвакуацияланды.