Ресейлік атышулы файтер Расул Мирзаев кеше Алматыда өткен АСА 105 турнирінде Арман Оспановтан нокаутпен жеңілген болатын. Мирзаев ауыр жарақат алыпты. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Арман Оспановтың бірнеше соққысынан соң Расул Мирзаевтың жағы екі жерден сынып кеткен. Мирзаев жекпе-жекті тоқтатқан рефериге наразылық білдіргендей болған. Дер кезінде тоқтатпаса, ауыр соққылардың салдары бұдан да ауыр болар еді. Марапаттау кезінде Мирзаевтың жағын қайта-қайта ұстап тұрғанын байқауға болады. https://www.youtube.com/watch?time_continue=3&v=Vhmp_2d27nM&feature=emb_logo