Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті 22 наурызда жеке үйде орналасқан психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлады Aikyn.kz.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, осы құқықбұзушылық жасады деген күдікпен екі шетелдік ұсталған. Тінту барысында 20 келіге жуық синтетикалық есірткі, 1 мың литр прекурсорлар мен «синтетика» жасауға арналған жабдықтар алынды. Табылған шикізат шетелден логистикалық компаниялар арқылы жасырын түрде жеткізілгені анықталды.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.