Ақтөбе қаласында су басқан нысандарды қалпына келтіріп жатыр

Қазір Ақтөбе қаласының өзінде су басқан нысандарды қалыпқа келтіру бойынша жұмыс қызу жүріп жатыр.

Бұл туралы «AMANAT» партиясы Ақтөбек қалалық филиалының атқарушы хатшысы Рахимжан Низамутдинов айтты. 

Өздеріңіз білетіндей, көктемде Ақтөбе қаласында су тасқынына байланысты төтенше жағдай болды. Жергілікті әкімдіктер, полиция және төтенше жағдайлар органдары су басқан нысандарды қалпына келтіру бойынша шұғыл жұмыстар жүргізуінің арқасында қазір жағдай толықтай тұрақталды. Бүгін өзім сайланған 25 округті аралап, жағдайларын бақылап қайттым. Қазіргі таңда қалада жағдай тұрақталып, барлық мекемелер толықтай жұмыс істеп жатыр,-дейді ол.