Қазгидромет: 8 сәуір күні нөсер жаңбыр жауады

Кейбір аймақтарда 22 градусқа дейін ысиды.

«Қазгидромет» РМК 8 сәуірде Қазақстан бойынша ауа райы туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова атап өткендей, республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, түнгі уақытта солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта жауын-шашын (қарға ауысатын жаңбыр) өтеді. Қазақстанның орталығында 8  сәуір күні қатты жаңбыр жауады деп болжануда.

"Күндіз ауа температурасы елдің батысы мен шығысында 13-20 градус, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде – 7-15 градус, орталығында – 12-17 градус, елдің оңтүстігінде – 20-25 градус, республиканың оңтүстік-шығысында   17-22 градус жылу болады деп күтілуде", – деді ОКҚ алаңында спикер.