Атырау: Волонтерлер тұрғындарға гуманитарлық көмек берді

Атырау облысында волонтерлер гуманитарлық көмекті тұрғындарға үлестіреді.

Арнайы гуманитарлық көмек жинау пунктіне азық-түлік, қайық, жылу генераторлары келіп жетті. Волонтерлер оларды сұрыптап, мұқтаж азаматтарға табыстайтын болады.

Сондай-ақ Атырау мен Маңғыстау волонтерлері құм қапшықтарды дайындап, бөгеттерді қойып жатқан азаматтарға тамақ, бәліш пен шәй таратты