Қыз өсірсең – ұятымен
Қыз өсірсең – ұятымен
393
оқылды
Ха­лықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Көне Та­раз» тарихи, этно-мәдени кешенінде «Қыз өсірсең – ұя­ты­­­мен» атты кездесу кеші өтті. Кездесу қонағы – «Құнан­бай» фильмін­де бір әулеттің емес, күллі қазақ анасының үл­гі­сіне ай­нал­ған Зеренің рөлін сомдаған актриса, Мем­ле­кеттік сый­лық­тың лауреаты, аяулы ана Нұрсифат Салықова. Шерхан Мұртаза атындағы Руха­ният және тарихтану ор­та­­­­лығы мен Жамбыл облы­сы Қазақстан студенттері Альян­сы­ның ұйымдастыруымен өткен іс-ша­раға 14-25 жас ара­лы­ғындағы қыз-келіншектер мен елге өнеге болып жүрген ана­­ларымыз бен әпкелеріміз қа­тысты. Кездесудің көздегені – әдет-ғұрып пен салт-дәстүрімізді қыз баланың бойына сіңіре отырып, келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру. Әдеп, мейірім мен төзімге, шыншыл болуға тәрбиелеу және иманды да ина­бат­ты қазақ келінінің бейнесін қалыптастыру. Қыз – болашақ ана. Қыздың денсаулығы – ұлттың саулығы. Бүгінгі таңда елімізде қыздың, ана мен баланың денсаулығына ерекше назар аударылып отыр. Өкі­­нішке қарай, заман ағы­­­мы­мен, еуропалық сана ықпа­лы­мен ұлттық тәрбие негізі өзгеріп барады. Бұл өз кезегінде ұрпақ саулығына да, тәлім-тәрбиесіне де өз әсерін берді. Кездесудегі әңгіме осы ауанда өрбіді   Тұмар МЫРЗА