Қазақстан құрамасы Бейжіңде өтіп жатқан әлем кубогының алғашқы кезеңінде көркем жүзуден чемпион атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәлім болғандай, акробатикалық бағдарламада қазақстандық спортшылар Қытай құрамасына қарағанда көп балл жинап, бас жүлдені иеленді. Қазақстан құрамасы 2 күн бұрын техникалық сайыста қолаға ие болған еді.
Жарыс қорытындысы бойынша:
1-орын – Қазақстан (213.7801). Команда сапындағылар – Айгерім Құрманғалиева, Этери Какутиа, Наргиза Болатова, Арина Мясникова, Анна Павлетцова, Жаклин Якимова, Жәния Жиенғазы;
2-орын – Қытай (205.0300 балл)
3-орын – Аустралия (196.6266 балл)
Бұл – ұлттық құраманың Бейжіңде өтіп жатқан жарыстағы 5-жүлдесі.