Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына қаржылай көмектесті. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол су басқан аймақтардағы халықтың жағдайына алаңдап отырғанын жеткізді.
«Топан су басып жатқан аймақтардағы халықтың жағдайына алаңдап отырмыз. Біздің күшіміз бірлікте! Бұл қиындықтан да аман өтеміз. Президентіміз барлық шығын өтелетінін айтып жатыр. Азаматтар аман болса осы жерлерде керемет қалашықтар бой көтеріп, арты той болатынына сенеміз! Отбасымыздың атынан 5 миллион қаржы беріп жатырмыз. Алла қаласа, балалар киімдері, памперс, тағы басқа керек-жарақтарды алып әр аймаққа теңдей бөліп тарататын боламыз! Елімізге Алла жар болсын!», – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.