Бокстан Астанада өтіп жатқан спаррингтік турнирде 54 келі салмақтағы жекпе-жектер басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл салмақта алғаш болып Жайна Шекербекова мен Балауса Мұздыман шаршы алаңға шыққан болатын.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған кездесуде айқын басымдықпен Жайна Шекербекова жеңіске жетті.
Төрешілер үш раундта да жеңісті Жайнаға берді.