Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Мәдениет

Абайдың 200 өлеңін жатқа білетін шахтер

«Айқын» ақпарат
Наурыз 7, 2020
Мәдениет, Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
Абайдың 200 өлеңін жатқа білетін шахтер
186
қаралым

Қарағанды облысында Абай Құнанбайұлының 200 өле­ңін жатқа білетін кенші қыз тұрады. «Саран» шахта­сы­­ның маркшейдері Эльмира Казиева кезінде «Абай оқу­ла­ры» мен «Мұқағали оқу­лары» бай­қауының жеңім­па­зы бол­ған.

Эльмираның жер астында қыз­­мет етіп жүргеніне – үш жыл. Кен­ші қыз аптасына үш рет 700 метр тереңдікке түсіп, көмір кенін із­деумен, өлшеумен, сараптама жа­саумен айналысады. Еңбек жо­лын 22 жасында бастады.

Мектепте оқып жүргенде ұс­таз­дары Эльмирадан көп үміт күт­ті. Ол республикалық «Абай оқу­лары», «Мұқағали оқулары», т.б. әдеби байқаулардың жеңім­па­зы болып, мектебінің абыройын аспандатты. Барлығы дарынды қыз әдебиетші болады деп сенген. Алайда Эльмира оқу бітірген соң Қарағанды мемлекеттік тех­ни­ка­лық университетінің «Марк­шей­дерлік іс» атты мамандығын таң­дады. Оның бұл мамандықты таңдауына әкесі себепші болды. Оның әкесі де кенші. Отбасында екі қыз. Екеуі де әкесінің еңбек­қор­­лығын, қара жұмыстан тайсал­май­­тын өрлігін мақтан етеді. Эль­мира әкесі секілді сыйлы, қан­дай жұмысты болсын еңсеріп ке­тетін мықты маман болуды ар­ман­дайды.

Түрмедегілер Абай өлеңдерін жаттауда

Ақындар Атырауға жиналды

Президент – Абай жерінде

Кен орнындағы дәлдік пен тепе-тең­дікті өлшеуге арналған құ­рал-жабдықтар сөмкесі зілдей. Нәзік қыз жұмысына барған са­йын оны иығына асынып, ер­лер­мен қатар жер астына түседі. Оған әл­сіздік көрсетуге болмайды. Себебі бұл жерде төзім мен кәсі­би­лік қана құрметтеледі.

– Басында жер астына түс­кен­де бойымды қорқыныш би­лей­тін. Кейін үйреніп кеттім. Кей­де штаттан тыс жағдай бо­лып жатады. Ауа райы күрт на­шар­лағанда тоқтан ақау шы­ғып, желдеткіштер істен шы­ғып қала­ды. Сондай кезде шах­та­да ауа тапшы болып, шұғыл қа­уіп­сіз жерге шығуға тура келе­ді. Өмір секунд­тармен есеп­те­леді. Деген­мен өзің қалаған маман­дық­тың ыс­тық-суығына төзу керек, – дей­ді кенші қыз.

Эльмираның анасы – тәрбие­ші. Қызының таңдауына қарсы бол­ған жоқ. Әкесі қызына кен ісін­дегі ерекшеліктерді әңгімелеп, өмір­лік тәжірибесімен бөлісіп оты­рады.

– Әкем екеумізде ортақ әңгі­ме көп. Шахталарды са­лыс­­тырып, кө­мір іздеу ісін­де­гі айыр­ма­шы­лық­тарды талқылай­мыз, – дейді Эльмира.

Эльмира – Абай Құнанбаевтың ұр­пағы. Жұмыстан тыс кездері сүйікті хоббиі өлең оқумен ай­на­­­лысады. Жаны нәзік, қолы темір­дей кенші аруды әріптестері де құр­меттейді.

– Шахтада жұмыс істеуге ер адам­дардың өзі тәуекел ете бер­­мейді. Мұнда тұрақтап қалу өте қиын. Көбісі шыдамай тас­тап кете­ді. Ал қыз балалар сирек келе­ді. Эльмира өзінің табан­ды­лы­ғын көрсетіп келеді, – дейді әріптесі Жангелді Қошанов.

– Басында ер адамдармен жұмыс істеу қиын болды. Оларға айтқаныңды тыңдату оңай емес. Дегенмен ер адамдар көп сөзді емес. Өз жұмыстарын беріліп іс­тей­­ді, – дейді Эльмира.

Биыл Эльмира үшін көктем ме­рекесі айрықша өтпек. Ол сол күні жаңа өмірге қадам баспақ. Оның болашақ жары да кенші.

 

Ләззат ҚОЖАХМЕТ,
Қарағанды облысы

 

 
Тегтер: 200 өлеңіАбай ҚұнанбайұлышахтерЭльмира Казиева
Алдыңғы жаңалық

Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Келесі жаңалық

Иран парламентінің депутаты коронавирустан көз жұмды

Ұқсас жаңалықтар

ер адам
Жаңалықтар

Қызды үйіне қонаққа шақырған Орал тұрғыны миллион теңгесінен айырылды

Қаңтар 20, 2021
Қазақстанда -38 градус аяз болады
Жаңалықтар

Алдағы үш күнде солтүстік өңірлерде аяз күшейеді

Қаңтар 20, 2021
Алақандай ауылда мұз айдыны ашылды  
Жаңалықтар

Алақандай ауылда мұз айдыны ашылды  

Қаңтар 20, 2021
алтын, алтын құйма, Ұлттық банк
Жаңалықтар

Қазақстан азаматтары бір жылда қанша алтын құйма сатып алды?

Қаңтар 20, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызды үйіне қонаққа шақырған Орал тұрғыны миллион теңгесінен айырылды

Қаңтар 20, 15:15

Алдағы үш күнде солтүстік өңірлерде аяз күшейеді

Қаңтар 20, 14:42

Алақандай ауылда мұз айдыны ашылды  

Қаңтар 20, 14:29

Қазақстан азаматтары бір жылда қанша алтын құйма сатып алды?

Қаңтар 20, 13:48

Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Қаңтар 20, 13:28

Заңсыз ойынхана ұйымдастырғаны үшін 4 жыл арқалады

Қаңтар 20, 13:20

Түрмеге тоқыма қолғаппен телефон тасыған ақмолалық ұсталды

Қаңтар 20, 13:01
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

ер адам

Қызды үйіне қонаққа шақырған Орал тұрғыны миллион теңгесінен айырылды

Қаңтар 20, 2021
Қазақстанда -38 градус аяз болады

Алдағы үш күнде солтүстік өңірлерде аяз күшейеді

Қаңтар 20, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»