Батыс Қазақстан облысында су тасқынына байланысты алдын ала эвакуация жұмыстары жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Өзендерде су деңгейінің көтерілуіне байланысты қала маңында орналасқан «1 саяжай» және «2 саяжай» бау-бақша серіктестіктеріндегі тұрғын үйлерді су басу қаупі туындаған. Осыған байланысты, Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен тұрғындарға бірнеше күн бойы ескерту парақшалары таратылып, хабарламалар берілген болатын, – делінген ТЖМ таратқан ақпаратта.
Кейбір тұрғындар эвакуациялық пункттерге немесе туыстарына орналастырылған.