Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккен ауыл балалары лагерьге барды

Облыстық Білім басқармасының мәліметінше, аталған шара Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолға алынған.

Ақмола облысының су басқан ауылдарында тұрып жатқан 80-нен астам оқушы «Жас дәурен» сауықтыру орталығына қабылданды, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Облыстық Білім басқармасының мәліметінше, аталған шара Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолға алынған. Елорданың іргесіндегі Целиноград ауданына қарасты қарғын судан жапа шеккен 6 ауылдың 5-9-сынып оқитын 81 баласы «Жас дәурен» жыл бойы жұмыс істейтін лагері базасында орналастырылыпты. Балалар 6-16 сәуір аралығында он күн бойы демалады. 

«Оқушылар төрт топқа бөлінді. Балалар үшін 5 рет тамақтану, түрлі ұжымдық іс-шаралар, таза ауада сауықтыру сапарлары ұйымдастырылды. Оқушыларға қашықтан оқыту ұйымдастырылды», – дейді Білім басқармасының бас маманы Марина Ли.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы