Ақтөбе облысының Ойыл ауданында жерасты газ цистернасы жарылып, жанармай құю бекеті мен жақын жердегі ғимарат өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 11 сәуірде сағат 20:20 шамасында болған. Газ құю станциясынан 50 метр жерде жерасты газ цистернасы жарылды.
"Оқиға орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен Ойыл аудандық полициясының қызметкерлері барды. Өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Қосымша төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері келді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті оқиғаның себептерін анықтау үшін тексеру жүргізеді", – делінген хабарламада.