"Қазгидромет" РМК 13-15 сәуірге ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Республиканың басым бөлігіне әлі де атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Сондықтан ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауады, түнгі уақытта елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын жауады, жаңбырдың арты қарға ұласады.
"Оңтүстікте, 14-15 сәуірде елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болжанады. Тек Шығыс Қазақстан облысында, 13-14 сәуірде Абай облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", – деп жазылған хабарламада.
Республика бойынша жел соғады, түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түседі, күндіз батыс, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнайды. Дегенмен ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.