Астана су қоймасы 99% толды. Мамандар су қоймасын күні-түні бақылап отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
«Келген суды транзиттік режимде өткізіп жатырмыз. Су тасқынының белсенді кезеңі өтті, су қоймасына ағынның төмендеу үрдісі байқалады. Мұнда тәулік бойы мониторинг жасалады. Тасқын суы Есіл өзенінің қалалық арнасы арқылы өтіп жатыр», – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Астана маңындағы бірқатар ауылдарға үлкен су таяп қалды деген жалған ақпарат таралған еді. Вице-премьер Қанат Бозымбаев су тасқыны кезінде жалған ақапарат таратып, қажетсіз дүрбелең тудырғандар жауапқа тартылатынын айтты.