Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды

86 келіде сынға түскен Азамат финалда өзбекстандық Жабраил Шапиевті 5:2 есебімен жеңді.

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының үздігі Азамат Дәулетбеков қатарынан үш дүркін Азия чемпионы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

86 келіде сынға түскен Азамат финалда өзбекстандық Жабраил Шапиевті 5:2 есебімен жеңді. Осылайша, өз салмағында үш дүркін Азия чемпионы атанды.

Бұған дейін Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатынан бөлек, әлем біріншілігінде екі рет қола жүлдегер атанған.