Иран парламентінің депутаты коронавирустан көз жұмды
Иран парламентінің депутаты коронавирустан көз жұмды
© Сурет Iranian Red Crescent Society басылымынан
171
оқылды
Жаңа шақырылған Иран Парламентіне кіруге тиіс депутат Фатима Рахбар коронавирустен қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости. Ирандық БАҚ-тардың хабарлауынша, Рахбар ағымдағы жылдың 21 ақпанында өткен он бірінші шақырылымдағы парламент сайлауының қорытындысы бойынша Тегеран өкілі ретінде таңдалып алынды. Ол бұған дейін 7, 8, 9 шақырылымдарда да депутаттыққа сайланған болатын. Қазіргі уақытта Иранның билігі коронавирус туралы алғаш рет хабарлаған 19 ақпаннан бастап елде 4747 жұқтыру оқиғасы тіркелген, оның 124-і өліммен аяқталған. Коронавирус Иранның барлық провинцияларында тіркелді. ең көп тіркелген аймақ – Тегеран. Иранның билігі вирустың таралуын шектеу үшін шаралар қабылдады. Мәселен, оқу орындарында Наурыз мейрамына дейін сабақтар болмайтын болды. Иранда ол 20 наурызда басталады, одан кейін - жаңа жылдық демалыс. Бұған дейінгі үйден шықпау және міндетті емес сапарлардан бас тарту сынды ұсыныстар өз күшінде қалып отыр. Наурыз қарсыңында, әдетте, қалааралық саяхаттар саны артады. Сондай-ақ, билік іс-шараларды бейнеконференция форматына біртіндеп көшіруде. Сонымен қатар, мәдени және спорттық іс-шаралар тоқтатылды, соның ішінде футбол ойындары кешірек уақытқа ауыстырылды. Иранда коронавирусқа жалдығу күдігі бар адамдардың қозғалысы шектелді. Бұл аурудың белгілері анықталған жағдайында адам өзі келген қалада 14 күнге карантинге орналастырылады. Діни рәсімдер де шектеледі: жұма намазының күші жойылды, шииттік ғибадатханаларға бару регламенттелді.