Түркістан облысынан құтқарушылар тобы Батыс Қазақстан облысына аттанды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өңірдің ТЖД қызметкерлері Орал қаласында авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға қатысады. Сонымен қатар Түркістан облысынан Батыс Қазақстан облысына дәрігерлер, психологтар және ауыр техникалар жіберілді.
Бұған дейін Жайық-Каспий каналының сағасында тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатқанын жазған болатынбыз.