Тұрғындар тікұшақпен көшіріліп жатыр

Облыстық мәслихат депутаты Күлшат Масалимова Ақмола облысындағы Нұра мен Мамыр ауылдарының тұрғындарына жедел көмек ұйымдастырды.

Осыдан бірнеше күн бұрын Ақмола облысының Ырғыз ауданында төтенше жағдай жарияланғаны белгілі.  Оның ішінде Нұра ауылдық округі, Мамыр ауылына баратын жолды су шайып, елді мекен судың ортасында қалды. Енді Торғай өзенінен су тасуы мүмкін. Апаттың алдын алу үшін ауыл тұрғындарын екі тікұшақпен аудан орталығына көшірілді. Дәл қазір ауылдағы 150 адамның алғашқы 33-і жетті. Осындай сын сағатта облыстық мәслихат депутаты Күлшат Масалимова жедел көмек ұйымдастырып, су тасқынынан зардап шеккендерге көмегін беріп жатыр. Ол ауылға маторлы қайық, 30-ға тарта су етігі мен суды бөгеу үшін 3000-нан астам қапшық жіберді.


Депутат өз сөзінде "Бірлігіміздің көмегімен бұл қиындықты да еңсеріп, тұрғындарды аман-есен көшіріп аламыз" деген жақсылыққа үмітін білдірді.