Елордалық филармония журналист қыздарды құттықтады

Елордалық филармония журналист қыздарды құттықтады

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай, «Қазмедиа орталығында» қазақ оркестрі мен үрмелі аспаптар оркестрі, Нұр-Сұлтан қаласы Әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі және «Қазмедиа Орталығы» өкілдері журналистерді құттықтады. Қазақстанда осыншалықты ер азаматтардың қатысуымен мұндай құттықтау концерт бұрын-соңды болған емес: 100-ден астам музыкант нәзікжандыға ерекше ықыласын көрсетті.