Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің суы екінші рет көтеріліп, Тоқсан би гидрология бекетінде су деңгейі бір тәулікте 95 см-ге жоғарылаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Қазгидромет» СҚО филиалының хабарлауынша, Есіл өзені Тоқсан би ауылының жанында 16 сәуір күні таңертеңнен бастап көтеріліп жатыр. Ал Долматово елді мекенінің жанында өзен деңгейі 20 см-ге биіктеген.
Ондағы қауіпті деңгей 1450 см болса, қазір одан асып, 1532-ге жеткен.
Су тасқынының екінші толқынының әсерінен Сергеев су қоймасында су деңгейі 3 см-ге жоғарылаған.
Ал шағын өзендерде су қайтып жатыр. Мәселен Бабықбұрлықта өткен тәулікте 126 см-ге, Ақанбұрлықта 120 см-ге төмендеген.