Сотталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың көлікпен баланы қағып кеткені туралы дерек расталмады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Ақпарат расталған жоқ. Біз өмірі қиылған әйелдің туыстарымен (Салтанат Нүкенованың), сондай-ақ оның ағасымен сөйлестік. Ақпараттың қайдан болғанын тексердік. Бірақ онда басқа жағдай туралы айтылған, яғни дерек расталған жоқ. Атап айтқанда, біз әлі де тексереміз", – деді И. Лепеха.
Бұған дейін қайтыс болған С. Нүкенованың анасы күдікті Қуандық Бишімбаев бұрын баланы қағып кетіп, жауапкершіліктен жалтарғанын айтқан еді.