Кітап көрмесіне Қазақстан, Ресей, Түркия, Иран, Өзбекстан, Испания, Қытай елдерінен баспа, кітап сату, танымдық-ғылыми білім беру және полиграфиялық өнімдерін ұсынатын 70-ке жуық компания қатысуда.
Биылғы жобаның негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға баулу, отбасы-мен бірге кітап оқуды насихаттау, жастардың оқырмандық талғамын қалыптастыру, оқырмандарға жетекші баспалардың кітап өнімдерінің ең жақсы заманауи ассортиментін ұсыну, әлемдік кітап шығару және баспа индустриясының тәжірибесімен алмасу, әлемдік баспалармен байла-ныс орнату және баспа ісіндегі жетістіктерді көрсету.
«Astana Eurasian Book Fair – 2024» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі ересектерге де, балаларға да бірдей қызықты болатын бес күндік мәдени-іскерлік бағдарламадан тұрады. Көрме қонақтары мен қатысушыларын жетекші отандық және шетелдік баспалардан балалар әдебиеті, көркем әдебиет, ғылыми-танымдық әдебиеттердің тұсаукесері, белгілі ақын-жазушылармен қолтаңба-сессиялар, кітап шығарудың өзекті мәселелері талқыланатын дөңгелек үстелдер күтеді. Бес күндік көрмеде күн сайын ойын алаңында кітап оқу, шеберлік сыныптары, тағы басқа да қызықты іс-шаралар өткізіледі.
Жыл сайын дәстүрлі түрде «Фолиант» баспасы ұйымдастырып келе жатқан кітап көрме-жәрмеңкесіне кіру биыл ақылы. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиналған қаржы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жіберіледі.