Робототехника өзінің жаңа өнімін көпшілікке ұсынғанын newatlas.com сайтындағы хабарламада айтылды. Жаңа роботтың мүмкіндіктерін Aikyn.kz америкалық технологиялық жаңалықтар платформасына сілтеме жасап түсіндіреді.
Сәрсенбіде (17 сәуір) Boston Dynamics өзінің кезекті таңғаларлық өнімін Atlas электрлік гуманоид роботын таныстырды. Бұл компанияның кезекті деңгейдегі неғұрлым қуатты, епті және толық электрлік өнімі деп аталған. Адамнан күшті қорқынышты роботты енді Hyundai өзінің автомобиль жинау желісінде пайдалануды жоспарлаған.
Осы аптада Boston Dynamics аяқ-қолдарын гидравликалық жетектердің көмегімен жылжытатын түпнұсқа Atlas роботымен қоштасатынын хабарлады. Оның орнына жақында Unitree компаниясы көрсеткендей, электрлік топсалы қозғалтқыштар қолданылатын болады. Жаңа технология гидравликалық қозғалтқыштарға қарағанда айтарлықтай жеңіл және ықшам, сонымен қатар үлкен жүктемеге шыдамды, майы ағып кетеді деген проблемадан құтқарады.
Роботтың электрлік ептілігін көрсететін өте қызықты видеоны қараңыз.
Atlas-тың жаңа ғана жарияланған толық электрлік нұсқасының толық сипаттамаларын компания жақын апталарда жарияламақшы. Boston Dynamics оның гидравликалық Atlas-қа қарағанда күштірек, икемді және төзімді екенін айтады.
Ол сондай-ақ адамға тән табиғи қозғалыс мүмкіндігінен асып түсетіндей іс-әрекеттер жасауға қабілетті. Берілген тапсырманы орындау үшін ең тиімді кез келген әрекеттер жасап, кез келген жолмен қозғалуға арналған. Компания «Atlas адам мүмкіндіктерінен асып түсетін жолдармен қозғалады», – дейді.
Ал мынандай роботқа қуанамыз ба, қорқамыз ба?