Атырауда 89 жастағы қарт әжей дәрі-дәрмек жұтып, өз-өзіне қол жұмсаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған.
«Привокзальный шағынауданындағы тұрғын үйлердің бірінде 89 жастағы әйел өз-өзіне қол жұмсады. Қазіргі уақытта қалалық Ішкі істер басқармасы суицидке итермелеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады», – деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаменті.