Әнші Тұрар Ыдырыс өзін әнші Сара Амангелдімен не байланыстыратынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
REVUE NEWS бағдарламасына берген сұхбатында Сара Амангелдімен бірге «Жақсы көремін» деп аталатын ән орындайтынын жеткізді.
«Мені кіммен қоспай жатыр. Сарамен «Жақсы көремін» деген дуэт айтамыз. Әнде Сараны жақсы көремін. Дұрыс қой енді, жұрттың бізді жұп ретінде көруі – заңды нәрсе. Басы бос бойжеткен мен жас жігітті көрген кезде бәрі солай қосады. Мен мұндайға үйреніп қалғанмын. Алғашында жоққа шығаруға тырысатынмын. Қазір маған бәрібір», - дейді әнші.