Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт өмірінде қиын жағдайлар болып жатқанын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Қымбатты оқырмандарым!
Әлеуметтік желідегі белсенділігімді сәл қоя тұрамын деп шештім. Біраз уақыт ештеңе салмайтын шығармын. Жеке өмірімде болып жатқан оқиғаларға байланысты.
Жоқты бар деп айтатын адам емеспін. Жүйке жұқартатын оқиғалар бастан өтіп жатыр. Бұған айналамыздағы жағдайдың да әсері бар. Қысқасы, айып етпеңіздерші! Түсініңіз мені!
Мен, Болат Атабаев айтпақшы, “ішкі эмиграцияға” кеттім.
Бәрі орныққанда хабар беремін!", - деген ол.
Бұл жазбаға қатысты ақын Нәзира Бердалы қолдау білдірген.
"Сіз нағыз азаматсыз ғой! Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді… Бас аман, жақындарыңыз аман-есен болсын. Әлеуметтік желі ешқайда көшіп кетпейді. Жарты жылдай жоқ болып, қайта кірсем, оқырманым тапжылмай сол орнында тұр екен. Дегенмен, сіз үшін алаңдайтын жандар бар, мұны біле жүріңіз", - деген қаламгер.