Елордада еріген қар суы көшені басып қалды

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Астана қаласындағы жол даңғылдарының бірін еріген қар су басып қалып, көлік қозғалысы қиындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Астанада қар жинау полигонында еріген қар суы ағындары Ұлы Дала даңғылының бойында жол төсеміне жайылып жатыр», - делінген жұма күні таратқан хабарламада.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылған.