Атырауда Жайық өзенінің жағасындағы құм толтырылған қапшықтарды ұрлаған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 18 сәуір күні сағат 21:00 шамасында болған.
«Жайық өзенінің жағалауындағы бөгетті бекітуге дайындалған құм толтырылған қапшықтарды ұрлаған күдіктілер ұсталды. Күдіктілер – 4 ер, бір әйел. Ерлердің жасы 32, 37, 38 және 42-де, ал әйелдің 34 жаста екені анықталды. Олар алдын ала ақылдасып, құм толтырылған қапшықтарды көлікке тиеп тасыған», – дейді полиция қызметкерлері.
Қазір оларға қатысты жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.