Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚКД АТО бөлімімен бірлесіп, облыс мектептерінің бірінің тоғызыншы сынып оқушысын ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жасөспірім анонимді Telegram арна құрып, онда 21 сәуір күні Индер ауданындағы мектептерде террористік акті болатыны туралы хабарлама жариялаған. Жазбамен бірге интернеттен жүктеп алған қарудың суретін салған.
Қазіргі уақытта оның осындай басқа да Telegram арналар құруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.