Өскеменде алапат өрт болды

Өскемен қаласында дүкен өртенді, – деп хабарлайды ТЖМ.

Белгілі болғандай, өрттің аумағы 290 шаршы метрді құраған.

"Абай даңғылында сауда үйінің шатыры жануда. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру бөлімдері күштер мен құралдарды жұмылдыруда. Өрт сағат 22:43-те жойылды. Өрттің аумағы 290 шаршы метр",  делінген ведомство хабарламасында.

Өрттің алдын ала себебі – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы екендігі аталып өтті.