"Қазгидромет" РМК соңғы 4 сағат ішінде БҚО-дағы Жайық өзені деңгейінің өзгерісі туралы мәлімет берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мамандардың мәліметінше, Орал қаласы тұсында Жайық деңгейі 8 метрден 37 см асқан.
«Ресеймен шекарадағы Январцев ауылы тұсында +1 см көтерілген; Орал қаласында – +5 см, Көшім ауылы тұсында – +6 см, Тайпақ ауылы тұсында – +2 см. Орал қаласы тұсында Жайық деңгейі 8 метрден 37 см асты. Қауіпті деңгей – 850 см», – делінген хабарламада.
Бұған дейін БҚО-да 3 300-ге жуық саяжай үйі су астында қалғанын жазған болатынбыз.