Батыс Қазақстан облысының 11-ден астам елді мекені Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты су басу қаупі бар аймақта орналасқан, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Осыған байланысты ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов өңірде екі тәулік бойы әр ауылды аралап, үйінді бөгеттердің жай-күйін тексерді. Күні бойы ведомство басшысы Бөрлі, Январцев, Рубежинское, Озерное, Володарское, Байқоныс, Жайық және т.б. ауылдарда болды.
Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны кезеңі басталғаннан бері өңірде 100 шақырымнан астам қорғаныс жер бөгеттері салынғанын мәлімдеді.